378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкенттің кілем фабрикасы өндіріс қуаттылығын ұлғайтпақ

  • 236
  • UPD: 22:28, 04.03.2019

Шымкенттегі кілем тоқитын кәсіпорын өндіріс қуаттылығын келесі жылы 5 миллион шаршы метрге дейін ұлғайтпақ. «Индустрияландыру картасы» бағдарламасы аясында іске қосылған кілем тоқу фабрикасы бүгінде үшінші кезеңдегі жұмысын бастады.

Өндіріс орнында қазір 10 тоқыма қондырғысы бар. Оның үшеуін компания осы үшінші кезеңде іске қосқан. Фабрика бүгінде еліміздегі ең ірі өндіріс орындарының сапына көтерілді. Кәсіпорын кілем тоқумен қатар, полиПропилен жіптерін өздері дайындап иірумен айналысады.  Кәсіпорын жылына шамамен 3 миллион шаршы метр кілем өнімдерін шығарады. Бұған қоса 3 мың тоннаға дейін полиПропилен жібін өндіріп, оны бояп, қажетті деңгейде иіріп кілемге пайдаланады. Текстиль өнімінің 23 проценті экспортқа  жөнелтіледі. «Қазақстанда жасалған» белгісімен шығатын отандық өнім көршілес Ресей, Қырғызстан Тәжікстан және Әзірбайжан елдерінде саудаланады. Жалпы тоқыма фабрикасындағы  қызметкерлердің 70 проценті жастар. 

Талғат Ысқақов, кілем фабрикасының бас директоры:

- Бұл үшінші кезеңге біз 1,3 миллиард теңге қаражат инвестиция жұмсадық. Мұның 800 миллион теңгесін мемлекет өндіріс бағдарламасы бойынша несие алдық. Қалған қаражатты компания өз қаражатынан жұмсап игердік. Үшінші кезең бойынша жұмыста адамдардың санын артттырдық. Бұрын бізде 245 адам жұмыс істейтін болса, қазіргі таңда бізде 310 адамға ұлғайды.

Хабар 24 телеарнасы