378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Асқар Мамин: Импорттың үлесін азайтамыз

  • 209
  • UPD: 11:05, 05.03.2019
Асқар Мамин: Импорттың үлесін азайтамыз

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин отандық тауарлардың көлемін ұлғайтуға қатысты негізгі міндеттерді атады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет басшысының айтуынша, жеті жылдан кейін импорттың үлесі 59 проценттен 37-ге дейін түседі. Есесіне отандық тауарлардың көлемі артады. Осыған байланысты өңдеуші кәсіпорындары әртараптандыру шаралары жалғасады. «2019-2025 жылдар аралығында 300-ге жуық жоба іске асатын болады. Болжамға сәйкес, 2025 жылға қарай қарапайым заттар экономикасы тауарларын өңдеу көлемі 4 триллион теңгеден 9 триллион теңгеге дейін ұлғаяды. Сол кезде бүкіл Қазақстан бойынша 16 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылады. Бұл – аса маңызды әлеуметтік-экономикалық міндет», – деді А.Мамин.

Хабар 24 телеарнасы