378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Нұр жолы» бақылау-өткізу пункті ашылғалы бері 214 мың тоннадан астам жүк шетел асқан

  • 271
  • UPD: 22:03, 05.03.2019

«Кедендік бақылау – күрделі әрі жауапкершілігі мол іс». Алматы облысындағы «Нұр жолы» бақылау-өткізу пунктінде болған Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Кунио Микурия осылай дейді.

Халықаралық ұйымның жетекшісі елімізге арнайы келіп, Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан кеден бекетінің жұмысымен танысқан еді.

Бұл – Кунио Микурияның қазақ-қытай шекарасына алғаш келуі. «Нұр жолы» бақылау-өткізу пункті өткен жылы қыркүйек айының соңында ашылған болатын. Бекет тәулігіне 2200 жүк көлігін және 15000 мың адамды өткізе алады. Халықаралық ұйым мақсаттарының бірі тауардың кедендік құнын бағалау, оның шығу тегін анықтау. Сондай-ақ өзара сауданы жеңілдетіп, контрафактілік өнімдермен күресу секілді жұмыстарды атқарады.

Кунио Микурия, Дүниежүзілік кеден ұйымының бас хатшысы:

– Сауда кез келген мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі драйвері болып есептеледі. Қазақстан батыс пен шығыстың түйіскен жерінде тұр. Бұл Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырумен қатар, өзге елдердің экономикасының өсуіне де септігін тигізеді.

Мысалы «Нұр жолы» ашылғалы бері 5 айдың ішінде 13 мыңнан астам транзинттік декларация толтырылып, 214 мың тоннадан астам жүк шетел асқан. Бұдан өзге ішкі нарыққа әкелінетін тауарлар бар. Осы уақыт аралығында «Нұр жолы» арқылы импортталған тауарларға салынған баж салығы есебінен республикалық бюджетке 6 миллиард 600 миллион теңгеден астам қаржы түскен.

Кунио Микурия, Дүниежүзілік кеден ұйымының бас хатшысы:

– Бұл бекетте әлемдік стандарттарға сай «шекараны үйлестірілген бақылау жүйесі» 100 пайыз қолданылып отыр. Мемлекеттік кедендік бақылау – күрделі әрі жауапкершілігі мол іс. Соған қарамастан, тауарлар мен көлік құралдарының әрі-бері өтуіне ешқандай кедергі жоқ.

Кунио Микурия мырза «Нұр жолы» бақылау-өткізу пунктінің тәжірибесімен Дүниежүзілік кеден ұйымына мүше өзге мемлекеттермен бөлісетінін жеткізді.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Нұрдәулет Жақсыбаев

Хабар 24 телеарнасы