378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жалпыға бірдей декларациялауға дайындық барысында бірқатар проблема анықталды

  • 217
  • UPD: 23:28, 06.03.2019

Қазақстандық азаматтардың шетелдегі активтеріне қатысты мәліметтердің жоқтығы және ауыл халқының қаржылық сауаттылығының төмендігі.  

Жалпыға бірдей декларациялауға дайындық барысында осындай проблемалар анықталды. Қаржы министрлігі өкілдерінің мәліметі бойынша, сауалнамаға қатысқандардың 80 пайызы декларацияны өздері толтыра алмаған. Сонымен қатар уәкілетті органдардың деректер базасының жаңартылмағандығы белгілі болды. Енді E-gov-тың 1414 бірыңғай байланыс орталығының нөмірі арқылы салық және кеден мәселелері бойынша кеңес алуға болады. Бүгінде Қарағанды облысында жеке тұлғалардың декларация тапсыруына қатысты пилоттық жоба жасалды. Оның нәтижесі бойынша декларация көлемі 15-тен 2 бетке дейін қысқартылды. Министрлік өкілдерінің айтуынша, жаңашылдық әлеуметтік мәселелерді шешуге де бағытталған.

Талғат Мамаев, ҚР Қаржы министрлігі МКК төрағасының орынбасары міндетін атқарушы:

- Медициналық қызметті қолдану кезінде сол шығындарды көрсетуге болады. Бүгін барлық ипотекалық шығындарды аламыз. Және де көпбалалы отбасылардың шығыстары алынады. Осы категорияларға салық жүктемесі азайтылады.

Хабар 24 телеарнасы