378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі әлеуметтік нысандар энергия үнемдей бастады

  • 238
Еліміздегі әлеуметтік нысандар энергия үнемдей бастады electricalschool.info

Қазақстандағы 80 әлеуметтік нысан бір жылда 1 млн доллар көлемінде қаражат үнемдеуі тиіс.

Мамандар осыдан бірнеше жыл бұрын Дүниежүзілік банктің қолдауымен еліміздегі 42 мектеп, 23 бөбекжай мен 12 медициналық мекемеге жасыл технология енгізілгенін айтады. Осының арқасында тың жүйеге қосылған нысандар электр қуатын біртіндеп үнемдеп жатқан көрінеді. Қазір бір мекеменің өзі орта есеппен жылуды 30 процентке, ал қуат көзін 15 процентке аз шығындайтын болған. Айталық, жасыл технологияға негізделген Қарағандыдағы мектеп бір жылда 1 млн теңгені, ал Әулиекөл ауданындағы аурухана 17 млн теңгені үнемдепті.

Бауыржан Смағұлов, «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ басқармасының төрағасы:

– Пилоттық жоба сәтті жүзеге асып жатыр. Қазірдің өзінде кейбір аймақ басшылары бұл жүйені қолданып көргілері келеді. Өйткені әлеуметтік нысандарға жасыл технологияны енгізу арқылы бюджеттен бөлінген қаражатты үнемдеп, оны басқа салаларды дамытуға жұмсауға болады. Бұл жүйенің артықшылығы осында.

Хабар 24 телеарнасы