378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германия кәсіпкерлері «Астана» ХҚО-мен ынтымақтастық орнатуға ниетті

  • 303
Германия кәсіпкерлері «Астана» ХҚО-мен ынтымақтастық орнатуға ниетті

Германия кәсіпкерлері мен инвесторлары «Астана» халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтастық орнатуға ниетті.

Осыған орай Берлинде ірі компаниялардың басшылары қаржы орталықтарының өкілдеріне мен сарапшыларға еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды. Іскерлік таңғы ас форматында өткен кездесуде қатысушыларға «Астана» халықаралық қаржы орталығының артықшылығы мен жеңілдіктері туралы айтылды. Онда Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев баяндамасын ұсынды. Өз сөзінде әлем серіктестері арасында Қазақстан үшін Германия маңызды орында. Мәселен екі ел арасындағы тауар айналымы 5 млрд еуродан асады. Ермек Көшербаев осымен тоқтап қалмау үшін ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсуді ұсынды. Жиналған кәсіпкерлер өз кезегінде еліміздің қаржы хабына қызығушылық танытып, ортақ жаңа жобаларды бастауға ниет білдірді.

Ермек Көшербаев ҚР СІМ-нің орынбасары:

– Енді еліміздің сыртқы істер министрлігіне сыртқы саяси мәселелерден бөлек, дамыған мемлекеттерден инвестиция тарту жұмысы жүктелді. Сонымен қатар экспорт бағытындағы үйлестіру жұмыстарын нығайту ісі де қарастырылған. Германия сенімді серіктесіміз болып саналады. Бүгінгі кездесу неміс қаржыгерлерінің Астанадағы халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтастықты нығайтуға ынталы екендігінің айқын көрінісі.

Эдуард Кинсбрунер Германия экономикасы шығыс комитетінің аймақтық директоры:

– Іскерлік таңғы ас форматында өткен кездесу нәтижелі өтті. Қазақстан тарапынан жақсы презентация жасалды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы – өте қызықты платформа. Оған қызығушылық танытқан компаниялар да бар. Оларды көбінесе құқықтық жүйе мен басқа да ұтымды жеңілдіктер баурап алды. Жаңадан ашылған орталық болса да, неміс кәсіпкерлерді тарта алатын мүмкіндігі зор деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы