389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияның инновациялы компаниялары Қазақстан нарығымен танысты

  • 485
  • UPD: 21:47, 10.03.2019

Цифрландыру мен баламалы энергия. Бүгінгі күннің өзегіне айналған осы мәселе Қазақстан мен Франция кәсіпкерлері бас қосқан бизнес-форумда талқыға түсті. Мұнда француз инновациялық компаниялары Қазақстан нарығымен танысып, өз ойларымен бөлісті.  

Бизнес форумға Францияның беделді инновациялық өндіріс өкілдері - цифрлық технология мен жасыл энергетика саласындағы 60 ірі компаниясы қатысты. Жергілікті алпауыттар Қазақстан нарығымен танысып, бағыт-бағдарларын айқындады. 

Шараның мақсаты - екі мемлекет арасындағы экономикалық байланысты кеңейту. Мұнда «Казақинвест» пен Астана халықаралық қаржы орталығының өкілдері еліміздегі инвестициялық климат және өзге де жеңілдіктермен жан-жақты таныстырды. Нәтижесінде Қазақстанда бірлескен жобаларды жүзеге асырып жатқан компаниялар да байланыстарын кеңейтуге ниет білдірді.

Иван Труйо, Ecmgreentech компаниясының бас директоры:

- Сіздің елде көп жылдан бері жұмыс істеп келе жатқандықтан тәжірибеміз мол. Қазақстанда бизнес жүргізу жеңіл. Қазіргідей шараның пайдасы мол. Мұндай форумдарда мемлекетпен бірге дамып келе жатқан салаларды жете танып білесің.

Изабель Лозон, Idemia компаниясының вице-президенті:

- Біздің бірлескен жетістіктеріміз әлемге сіздің елді жарнамалап таныстыруға жақсы мүмкіндік берер еді. Біз Қазақстанның инновация саласындағы имиджін арттыруға дайынбыз.

Франция Қазақстан үшін басты инвесторлардың бірі. Екіжақты қарым-қатынас орнағаннан бері француз компанияларының еліміздің экономикасына салған тікелей инвестициясы 33 миллиард еуро. Француз бірлестіктері ең алдымен Қазақстанның қолайлы инвестициялық жағдайына қызығып, Орталық Азия мен Еуразиялық нарыққа кіруге үлкен мүмкіндік ретінде қарастырады.

Жан Галиев, ҚР-ның Франциядағы Төтенше және өкілетті Елшісі:

- Бизнес-форумда екіжақты ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Қазақстан делегациясы жергілікті компания өкілдеріне елімізде бизнес жүргізуге қатысты барлық ақпаратты беріп, оның тиімділігін көрсетті. Бұл француз инвесторларына сенім ұялатқаны анық.

форум алғашқы сағаттардан-ақ жақсы нәтижелер берді. Ақпарат жүйесі  мен күн панельдерін өндіруші француз компаниялары қазақстандық әріптестерімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Ал Францияның Ай-Ти саласындағы көшбасшысы Қазақстан экономикасына инвестиция салуға дайын екенін мәлімдеді.

Авторлары: Алия Сыздыкова, Бекхан Тепсаев

Хабар 24 телеарнасы