387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Thales Alenia компаниясы Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға ниетті

  • 378
Thales Alenia компаниясы Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға ниетті

Спутниктер салу саласында әлемдік көшбасшы саналатын Thales Alenia компаниясы Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға ниетті.

Қазір Франция-Италия бірлескен кәсіпорынымен қоян-қолтық жұмыс істеп келеміз. Еліміздің бүкіл телекоммуникациялық спутниктері осы компанияның қатысуымен шығарылған. Thales Alenia өкілдері жаңа ғарыш аппараттары еліміздің барлық салаларын цифрландыруды жеделдететініне сенімді. «Жер ауданы бойынша 9-орында, ал халық саны жағынан тек 62-орында тұрған Қазақстан үшін сымсыз технологияны дамытудың маңызы зор», – дейді компания өкілдері.

Эрик Имбер, «Thales Alenia Space» компаниясының вице-президенті:

– Қазақстан – біз үшін ғарыш игеруде мол тарихы бар үлкен ел. Осы саланы меңгерген инженерлері мен мамандары жетерлік. Келешекте Қазақстанмен бірге талай іс атқаруымыз кәдік. Ресей, АҚШ, Аргентина және Израильмен бірлесіп, спутниктер жасауда тәжірибеміз бар. Сондықтан болашақта қазақ елімен бірге ғарыш бағдарламалары бойынша серіктестік орнатамыз деген сенім мол.

Хабар 24 телеарнасы