389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Мамин экономикада өсу қарқыны байқалған салаларды атады

  • 471
  • UPD: 14:03, 12.03.2019

2019 жылдың қаңтар, ақпан айларындағы экономикалық өсім 3,5 процентке жетті. Қаңтарда бұл көрсеткіш 2,9 процент болатын. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.

Еліміздің Премьер-Министрі Асқар Мамин тау-кен, химия өнеркәсібі, машина жасау, сауда, көлік саласы, ауыл шаруашылығында оң өсім қарқыны байқалатынын атап өтті. Бұдан өзге ілгерілеу ақпан айының қорытындысы бойынша қаңтармен салыстырғанда құрылыс, негізгі капиталға инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібі, металлургия салаларында бар. Сондай-ақ Асқар Мамин «Елбасының барлық бастамалары қаржыландырумен қамтамасыз етілгенін және толық жүзеге асырылатынын» айтты.

Хабар 24 телеарнасы