388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі ЖІӨ өсімі жыл басынан бері 3,5% құрады

  • 532
  • UPD: 13:59, 12.03.2019

Биыл еліміздегі мұнай өндірісі 1,4 миллион тоннаға төмендейді. Бұл 2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1 жарым процентке төмен. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.

Айта кетейік, ол 2019 жылға арналған негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджет параметрлерінің болжамы туралы баяндама жасаған болатын.  Министрдің айтуынша, биылға жоспарланған базалық көрсеткіштер бұрын мақұлданған күйінде қалады. Мәселен, мұнай бағасы 55 АҚШ доллары, теңге бағамы - бір доллар үшін 370 теңге, ал жылдық инфляция деңгейі 4 пен 6 проценттің арасында. Сондай-ақ Руслан Дәленов 2019 жылдың қаңтар, ақпан айын қорытындылап, әлеуметік-экономикалық көрсеткіштерді жіпке тізді.

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Жалпы осы жылғы 2 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ серпіні жылдамдады. Инфляция нысаналы дәлізде сақталып отыр. ИНвестициялар қайта өсе бастады. Ал халықаралық резервтер тұрақты деңгейде. Осылайша ЖІӨ өсуі 3,5 процентке жылдамдады. Қаңтарда ол 2,9 процентті құраған болатын. Мұндай серпін тауарлар өндірісінің өсуімен, сондай-ақ қызмет көрсету секторларының өсуімен қамтамасыз етілді.

Хабар 24 телеарнасы