377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2025 жылы елімізде салық түсімін 4 трлн теңгеге арттыру көзделді

  • 125
  • UPD: 14:02, 12.03.2019

2025 жылы елімізде салық түсімін 4 трлн теңгеге арттыру көзделген. Бұған цифрландыру өзек болмақ. Бүгінде Эстония мемлекеті осы бағытта айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген. Халқы мен аумағы шағын мемлекеттік IT саласындағы жетістіктері Астанада өтіп жатқан халықаралық форумда көпке үлгі етілді. форум барысы қалай қызып жатыр?

Мерей Мұратханқызы, тілші:

- Форум расымен қызу талқыға ұласты. Өзіңіз айтқандай, Эстония деген шағын мемлекет бүгінде нағыз сандық алпауытқа айналған. Эстониялықтар осы цифрландыру жүйесін енгізгенде, ЖІӨ-ні екі процентке дейін үнемдеуді мақсат тұтқан. Сол бағытта жұмыс істеліп жатыр. Бүгінде бұл мемлекет Еуроодақта цифрландыру саласы бойынша көш басында.

Бүгінде Эстонияда түрлі сандық платформалар, блокчейн-технологиялар лайықты қолданысқа енген. Бұл мемлекетте бірнеше жыл бұрын кәдеге жараған қолданыстар, біздің елде жаңашылдық ретінде қабылданып жатқаны хақ. Десе де, медицина, білім, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы сынды салалар сандық форматқа ауысып жатыр. Айта кетерлігі, экономикамызға бұл арқылы 210 млрд теңге түсті. Биыл мемлекеттік қызметтің 80, келер жылы 90 проценті электронды түрде көрсетілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы