388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысына тартылатын инвестиция көлемі артты

  • 611
  • UPD: 23:44, 12.03.2019
Қарағанды облысына тартылатын инвестиция көлемі артты

2018 жылы аймаққа осы орайда 470 млрд теңге құйылған, деп хабарлайды «Хабар 24»

Оның 85 проценті жекеменшік қаражат. Қазір облыста 40 ірі жоба жоспарланған. Олардың қатарында тау-кен, металлургия саласы, көлік-логистикалық және азық-түлік өндірісі бар.  Аймақта ашылатын өнеркәсіптердің тең жартысы шетелдік инвесторлардың қатысуымен салынып жатыр. Бұл жобалардың құны триллион теңге. Ал биыл өңірге тартылатын инвестиция көлемі 520 млрд теңгеге жетпек.

Алмас Айдаров, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

- Былтырғы жылға қарағанда 21 пайызға көбірек, осы жылы да динамиканы сақтап отырмыз, қазірдің өзінде қаңтар мен ақпан айлары бойынша былтырғы жылға қарағанда екі есе инвестиция тартып келеміз. Осы трендті сақтауға тырысамыз. Жалпы тартылатын инвестициялардың 85 пайызы жекеменшік инвестиция болып табылады. Олардың тең жартысы шетелдік инвестиция.

Хабар 24 телеарнасы