377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейлік «Кировец» тракторын қазақстандық бөлшектерден құрастыратын болды

  • 140
  • UPD: 15:15, 14.03.2019

Бұл Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің өндірісі министрлерінің кездесуі нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәжіліс барысында министрлер қазақстандық кәсіпорындардың  Ресейдің импортты алмастыру бағдарламасына қатысуын, ауылшаруашылық және жол құрылыс техникасына құрамдас бөлшектерді шығару саласында кооперацияны дамыту және одаққа мүше елдердің Ресей өндірісінің ақпараттық жүйесіне қатысу мәселелерін талқылаған. Шара аясында Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр ресейлік әріптесімен екіжақты кездесу өткізді. Олар машина жасау саласында жол картасын әзірлеуді талқылады. Бұл жоба бойынша екі елдің кәсіпорындары Қазақстанда өндірісті орналастыру үшін бірлесіп жұмыс атқарады. Осындай кооперацияның бір мысалы ретінде Қазақстан мен Ресейдің трактор шығаратын зауыттарының серіктесітігін атауға болады.

Роман Скляр, Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- «Кировец» тракторлары нарықта Кеңес дәуірінен белгілі. Өз елімізде осы техниканы мамыр айынан бастап шығара бастауды көздеп отырмыз. Бірақ жоспарымыз шектеулі мөлшерде, 500-ге жуық трактор жасау болғандықтан, өндірісті толық орналастыру қиын болатын түрі бар. Сол себептен, петерборлық серіктестеріміз техникалық құжаттамасын біздің машина жасау компанияларымызға тапсырады деп келістік. Олар басты зауыт үшін түрлі құрамдас бөлшектер шығарады.

Хабар 24 телеарнасы