378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандықтар еліміздегі құнды активтерге инвестиция сала алады

  • 87
  • UPD: 15:26, 15.03.2019
Қазақстандықтар еліміздегі құнды активтерге инвестиция сала алады

Қазақстандықтар мұнай, уран, алтын секілді активтерге инвестиция сала алады.

Ол үшін Астана халықаралық қаржы орталығының биржасы ұжымдық инвестициялау қоры сияқты қаржыландыру құралын іске қоспақ. Осылайша жиналған жүздеген жеке инвестордың ақшасы шикізат тауарларының акцияларына жаратылмақ. Сондай-ақ инвестициялаудың бұл тетігі арқылы азаматтардың жылжымалы мүлікке де қаражат құя мүмкіндігі бар. Демек, қара халық ірі сауда үйлерінің акционерлері болуы ықтимал. Бүгінде еліміздің қор нарығындағы қазақстандықтардың белсенділігі төмен, дейді мамандар. Сондықтан олардың санын көбейту үшін арнайы жәрмеңкелер ұйымдастырылмақ. Айта кету керек, осы жылы «Қазақтелеком» мен «Эйр Астана» компанияларының акцияларын биржада саудалау жоспарланып отыр.

Ренат Бектұров, АХҚО биржасының қаржы директоры:

 «Қазақтелекомның» акциялары біздің қорда осы жылдың мамыр айында жарияланады деп жоспарлап отырмыз. «Эйр Астана» компаниясының акциялары қазан-қараша айларында жарияланады. Әрине бұған көп нәрсе әсер етеді. Оның ішінде экономикалық жағдай. Сондықтан бұл өзгермелі мәселе болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы