378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Франция туроператорлары Қазақстанға саяхат ұсынып жүр

  • 95
  • UPD: 07:53, 16.03.2019
Франция туроператорлары Қазақстанға саяхат ұсынып жүр

Парижде халықаралық туризм салоны ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Францияның туроператорлары онда Қазақстанға саяхаттарды ұсынуда. Еуропалықтар үшін еліміз – әлі аз зерттелген, бірақ қызықты бағыт. Жергілікті туроператорлар Қазақстанға саяхаттарды осыдан 3-4 жыл бұрын сата бастаған. Астанада ЕХРО өткеннен кейін біздің елде демалысын өткізгісі келетіндердің саны арта түскен. Екі апталық саяхаттың бағасы екі мың еуродан сәл асып тұр. Сарапшылардың айтуынша, осыдан 20 жыл бұрын туризмді дамытудың мұндай жолын Вьетнам таңдаған еді. Ал қазір бұл – еуропалықтар демалатын сүйікті елдердің бірі. Француз мамандары Қазақстанда туризмді дамытуға көмек беруге дайын және бұл көрме екі ел мамандары арасында байланыс орнатуға түрткі болмақ.

Эммануэль Гийом, халықаралық туризм бойынша сарапшы:

– Француз туристері Қазақстанға бесжұлдызды қонақүйде бірнеше түн қонуға келмейді, оларға киіз үйде тұру немесе қарапайым тұрғындарда қонақ болу қызық. Саяхатшылар қалыпты тіршілігінен мүлдем өзгеше дүние іздейді.

Хабар 24 телеарнасы