389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Ресей машина жасау саласында өзара өнәркәсіптік кооперацияны дамытпақ

  • 470
Қазақстан мен Ресей машина жасау саласында өзара өнәркәсіптік кооперацияны дамытпақ

Қазақстан мен Ресей елі машина жасау саласында өзара өнәркәсіптік кооперацияны дамытпақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жөнінде аймаққа іс сапармен келген Индустрия министрі Роман Скляр мәлім етті. Осы орайда қарағандылық машинажасау зауыты кешендік модернизациядан өтіп, роботтық жабдық пен өнеркәсіптік ғаламторға қосылды. Мамандардың айтуынша, жаңа технология бөлшектерді өндіру барысында уақытты 10 есе үнемдейді. Қарағандылық зауыт айына 130 тонна машина жасау саласына қажетті өнім шығарады.

Роман Скляр, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

– Ресейлік серіктестермен өнеркәсіптік кооперацияны дамыту жоспарланып отыр. Балқыту өндірісіне сұраныс бар. Ресей федерациясында өндірілетін автокөліктердің бөлшектерін өндіру ісіне қызығушылық туып отыр. Олар бізге техникалыұ құжаттаманы берсе, біз өнеркәсіптерге тапсырыстар береміз.

Авторы: Айнұр Әбдиева

Хабар 24 телеарнасы