378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кәсіпкерлерді қолдауға 600 млрд теңге бағытталады

  • 196
  • UPD: 23:31, 18.03.2019
Кәсіпкерлерді қолдауға 600 млрд теңге бағытталады

Халық тұтынатын тауарлар мен өнеркәсіп өндірісін қолдауға 600 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі, бүгінде киім-кешек пен құрылыс заттары, жиһаз сынды өнімдердің 82 проценті шетелден импортталады. Бұған қоса кейбір азық-түлік, ауыл шаруашылығы өнімдері де өзге елден жеткізіледі. Ал импортқа тәуелділіктен арылу үшін Үкімет халық көптеп тұтынатын 360 тауар түрін шығаратын отандық өндірісті қолдауды көздеп отыр. Субсидия кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 7 жылға беріледі. Жылдық сыйақы – 8 пайыз. Бөлінген қаражаттың кемінде 100 млрд теңгесі орта және шағын бизнеске бөлінеді.

Роман Скляр, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Үкімет дайын тауар өндірісін ғана емес, қажетті шикізат пен бастапқы өңдеу өнімдерін өндіруді қолдайды. Бағдарламаның нәтижесінде 2025 жылға дейін 360 түрлі өнімнің өндірісі 2,4 есеге артады. Импорттың үлесі  59-дан 37 пайызға дейін төмендейді. Олардың ішінде 247 азық-түлік емес, өнімдердің шығарылымы 2 есе артып, 3 млрд долларға дейін жетеді.

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы:

- Қазірдің өзінде бағдарлама бойынша кейбір банктер жұмысты бастап кетті. Кәсіпкерлерден өтініштер қабылдап жатыр. «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының базасында жобалық кеңсе құру туралы шешім қабылданды. Осындай кеңселер әрбір өңірде жұмыс істейтін болады. Біз апта сайын Үкімет басшысына атқарылған жұмыс жөнінде есеп беріп отырамыз. Тіпті қажет болса, кәсіпкерлерден қанша өтініш келіп түскені жөнінде де айта аламыз.

Хабар 24 телеарнасы