377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда 20 мың салымшы білім алу депозиттерін ашқан

  • 136
Қазақстанда 20 мың салымшы білім алу депозиттерін ашқан

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі арқылы елімізде 4 жыл ішінде 20 мыңға жуық адам депозит ашқан.

Оның жалпы құны – 16 жарым млрд теңге. Бүгінде 600-ден астам салымшы бағдарламаның игілігін көріп отыр. Олар отандық және шетелдік жоғарғы оқу орындарында өздері немесе балаларын оқытып жатыр. Депозиттің тиімділігі сол мемлекет салған қаражатыңыздың үстіне 5 немесе 7 пайыз мөлшерде сыйақы береді. Бұған қоса банктің пайыздық мөлшерлемесі тағы бар. Қазір елімізде 4 бірдей қаржы ұйымы осы жүйеге қатысып отыр. Бастысы 10 млн теңгеге дейінгі салымға мемлекет тарапынан кепілдік беріледі. Бағдарлама операторының айтуынша, бұл қаражат білім алу үшін жеткілікті. Айтпақшы депозит рәсімделген азамат грант ұтып алып, тегін оқуға түссе, онда салымыңыз үстіне қосылған сыйақысымен қоса қайтарылады.

Хабар 24 телеарнасы