377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үкімет пен Ұлттық банк халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған саясат жалғаса беретінін мәлімдеді

  • 149
  • UPD: 01:29, 21.03.2019

 Экономикалық өсім мен инфляцияны төмендету және қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету сақталады.

Үкімет пен Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының бұған дейін берген тапсырмалары мен бастамаларын жүзеге асырады. Елдің 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мен «Қазақстан-2050» стратегиясы мен мемлекеттік бағдарламаларды тиімді іске асыру жалғасады. Биыл экономиканың өсімі 3,8 проценттен төмен болмайды деп күтіліп отыр. Инфляция деңгейі 4-6% процент аралығында болады. Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауға басымдық беріп, осы бағыттағы саясатын жүргізе береді. Барлық бюджеттік міндеттер мен әлеуметтік бастамалар толық көлемде жүзеге асырылады. Басты назар бағаның өсуіне жол бермеуге бағытталады.

Хабар 24 телеарнасы