389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Р.Гудман: Н.Назарбаевтың салиқалы саясаты ел экономикасының өсуіне себепші болды

  • 728
  • UPD: 23:21, 21.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты ел экономикасының өсуіне, шетелдік инвестициялардың келуіне және қаржы әлеміндегі беделінің артуына себепші болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елбасының шешіміне байланысты Британ-Қазақ қоғамының төрағасы Руперт Гудманның осындай пікір білдірді. Гудманның пайымдауынша, Назарбаевтың әлемдегі ең беделді саясаткерлермен тығыз қарым-қатынаста бола білуі елдің сауда-экономикалық әлеуетін нығайтып, Қазақстанды аймаққа көшбасшы етті.

Руперт Гудман, Британ-Қазақ қоғамының төрағасы:

- Әлем көшбасшыларымен тығыз қарым-қатынас орната білген Нұрсұлтан Назарбаевтың елеулі еңбегі жайлы айтқанда, Біріккен Корольдікпен орнатылған екіжақты байланыс туралы да ұмытпауымыз керек. 2013 жылы Ұлыбританияның сол кездегі Премьер-министрі Дэвид Камэронның Қазақстанға сапары кезінде стратегиялық әріптестік нығая түсті. Қазақстанның аймақтағы һәм әлемдегі маңызды рөлі одан әрі сақтала беретіндігіне кәміл сенемін.

Хабар 24 телеарнасы