389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Корея компаниясы биыл Алматыда көлік зауытын салуды бастайды

  • 554
  • UPD: 00:12, 22.03.2019

Мұндай уағдаластыққа Қазақстан-Корея сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық үкіметаралық комиссияның сегізінші отырысында қол жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Біздің елдің делегациясын бастап барған индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярдың айтуынша, қазір Қазақстанда екі елдің 50-ден астам бірлескен компаниясы жұмыс істейді. Былтыр тауар айналымы 2017 жылмен салыстырғанда екі есеге өсіп, 3 миллиард 900 миллион долларға жеткен. Көп ұзамай тағы 16 бірлескен жоба жүзеге асырылады. Сондай-ақ Корея Республикасының президенті Мун Чжэ Иннің келесі айда Астанаға сапары кезінде екіжақты экономикалық қатынасқа байланысты жаңа келісімге қол қою жоспарланып отыр.

Роман Скляр, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Зауытқа салынған инвестиция көлемі көп болмағанымен, оның бәсекелестікті дамыту және көліктерді шығару санын өсіру  тұрғысынан маңызы зор. Бұл экспортқа да бағытталған заманауи кәсіпорын болады. Оның өнімдерін ішкі нарықпен бірге сыртқа да экспорттау жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы