380.89 423.60 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында ирандық компания зауыт салады

  • 160
  • UPD: 12:18, 25.03.2019

3 млрд 800 миллион АҚШ доллары. Өткен жылы әлемдік деңгейдегі спортшылар алған жалпы жалақы мөлшері осындай.

Миллионерлердің арасында қазақстандық спортшылар бар ма?

Жоғары табысқа кенелген спортшылар рейтингі

Өткен жылы табысы жоғары спортшылардың көшін кәсіби боксшы Флойд Мейвезер бастады. Оның жылдық табысы 285 млн АҚШ долларына тең. Артында аргентиналық футболшы Лионель Месси келеді, оның гонорары – 111 млн доллар. Үштікті португалиялық аяқдопшы Криштиану Роналду түйіндеп тұр, оның жылдық табысы басты бәсекелесі Мессиден небәрі 3 млн долларға аз. Аралас жекпе-жек жұлдызы ирландиядық Конор МакГрегор былтыр 99 млн доллар табыс тапқан. Үздік бестікке бразилиялық футболшы Неймар 90 млн доллармен енген. Ал баскетбол жұлдызы, Лос-Анжелестік «Лэйкерс» ойыншысы Леброн Джеймстің жылдық жалақысы 85 млн 500 мың долларға бағаланды. Отандық спортшылар арасында Геннадий Головкин 72-орыннан көрінді. Былтырғы табысы 25 млн долларға тең.

Елорда атауын өзгертуге жұмсалатын қаржы үнемделеді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов бас шаһар атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, барлық баннерлер, маңдайшалар, хабарландырулар мен басқа да атрибутика бір күнде ауыстырылмайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Сонымен қатар ол әлемдегі көрнекті мемлекеттік қайраткерлердің есімімен аталатын бірнеше қаланы мысалға келтірді. «АҚШ сияқты алып мемлекеттің астанасы да елдің Тұңғыш президентінің есімімен аталған. Сондай-ақ Хошимин, Санкт-Петербург, Джордж-Таун сияқты дүние жүзінде ондаған қала бар», – деп атап өтті ол. Елорда әкімінің айтуынша, «Астана» атауы жазылған жеке және заңды тұлғалардың ресми құжаттары өз күшін жоймайды. Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, оларды ауыстыру қажет емес. «Құжаттар тек олардың мерзімінің өтуі немесе жоғалуы себептерімен ғана ауыстырылады», – деді Сұлтанов.

«Ең алдымен, біз мемлекеттік бюджет үшін барынша үнемді жолды таңдайтын боламыз. Баннерлер, маңдайшалар, хабарландыру мен басқа атрибутиканы бір күнде ауыстыру міндетін біздің алдымызға ешкім қойып жатқан жоқ. Қаланың «Астана-Арена», «Астана-Опера» сияқты нысандары, спорттық клубтары өз атауларын өзгертпейді. «Астана» сөзі бәрімізге ыңғайлы. Ол мемлекеттің елордасы деген мағынаны білдіреді. Қазақ тілінде елорда тұрғындарын «астаналықтар» деп атайды. Біз оларды орыс тілінде де бұрынғыдай атауды ұсынамыз».

Павлодар облысында ирандық компания зауыт салады

Ирандық инвесторлар Павлодар облысында күл үйіндісін қайта өңдеу зауытын салады. Жоба құны – шамамен 34 млрд теңге. Өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеу бойынша үлкен тәжірибесі бар ирандық компания атауы «Хамадан Минерал Файбер компани». Аймақтық үйлестіру кеңесі аталған комбинат құрылысы жобасын кәсіпкерлерді қолдау картасына қосты. Курсив порталы хабарлағандай, жергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестік болашақ зауыт орналасын алаңды таңдап жатыр. Осылайша, шикізат Екібастұз бен Ақсу жылу электр станцияларынан алынады. Күл қалдықтарынан құрылыс материалдары мен шыны ыдыстарды шығару жоспарланып отыр.

Ұлттық банк пен Үкіметтің макроэкономикалық саясаты

Үкімет пен Ұлттық банк макроэкономикалық саясатты күшейтеді. Биыл тұрақты өсім өңдеу салалары, құрылыс және инвестициялар, сондай-ақ негізінен шағын орта бизнес шоғырланған қызмет көрсету секторы арқылы қамтамасыз етіледі. Осы орайда жаңа бастамалар бойынша бөлінетін бюджет қаражаты экономикаға, халықтың табысы мен инвестициялық белсенділікке бағытталады. Үкімет пен Ұлттық банк оның ішінде, халықтың әл-ауқатын арттыруға, экономикалық өсім сапасын көтеруге, инфляциялық процестерді төмендетуге және қаржы нарығын тұрақтандыруға арналған макроэкономикалық саясатты күшейтеді. Жалпы жыл басынан экономиканың барлық саласында оң динамика байқалады. Қаңтар мен ақпан айларында өнеркәсіптік өндіріс өсімі 2,7% құрады, ауыл шаруашылығы өсімі – 3,6%, құрылысы саласы – 2% және қызмет көрсету саласындағы өсім – шамамен 4%.

Әлемдік мұнай бағасы түсті

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында жұма күнгі сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы құлдырай түсті, деп xабарлайды ҚазАқпарат. Brent маркалы мұнайдың мамырдағы жеткізілімі бойынша мұнайдың болжамдық құны Лондон ICE Futures биржасында 6 центке түсіп, барреліне 67 доллар 8 центті құрады. WTI маркалы мұнай бағасы Нью-Йорк сауда биржасында (NYMEX) 94 центке арзандап, бір баррелі 59 доллар 4 центке тең болды.

Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының бүгінгі бағамы 378 теңге 17 тиынды құрады. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 380-381 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы