379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында 80 мың гектардан астам алқапқа жүгері егіледі

  • 185
  • UPD: 13:54, 25.03.2019

Алматы облысының Панфилов ауданында жүгері алқабын 26 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаруалардың айтуынша, оған барынша мүмкіндік жасалған. Өңірде крахмал-сірне зауыты жұмыс істеп тұр. Биылғы жылы жүгеріні қабылдап, оны өңдеумен айналысатын тағы екі ірі кәсіпорын іске қосылмақшы. Диқандар өнімділікті арттыруда жаңа технологияларға иек артатын болады.

Жаркенттің іргесіндегі бұл шаруашылық биыл 1000 гектар жерге жүгері егуді жоспарлап отыр. Өткен жылы 300 гектар алқапқа тамшылатып суғару әдісін енгізудің арқасында өнімділік өте жоғары болды.

Жәнібек Оханов, шаруашылық басшысы:

– Біз жылда осындай технологияларды енгізудің арқасында тамшылатып суғару әдісімен гектарына 20 тоннаға дейін жеткіздік. Жүгерінің өнімділігі өте жақсы. Былтыр жақсы көрсеткіштер көрсеттік. Биыл да сол технологияны қолданамыз.

Бақыт Нұрелов, Көктал ауылдық округінің әкімі:

– Азаматтарды жұмысқа қабылдады. Бүгіннің өзінде 20 адамды жұмысқа алып жатыр. Енді келешекте 60-тай адамды жұмысқа алайын деп жатыр. Ол бізге үлкен көмек.

Панфилов ауданында жүгері алқаптарының көлемі жылдан жылға ұлғайып келеді. Өңірде биыл 26 мың гектар жерге жүгері дақылы егіледі. Өйткені ауданда жүгеріні қабылдап, оны өңдеумен айналысатын кәсіпорындар көптеп салынып жатыр.

Алматы облысында жүгері дақылын өсіруді мықтап қолға алған екі аудан бар. Бірі – Еңбекшіқазақ, екіншісі осы – Панфилов ауданы. Жаркент өңірінің өзінде қазір 7 тұқым шаруашылығы жұмыс істеп тұр. Көктемгі егіс науқанына 500 тоннадай тұқым дайындалған. Ал облыс бойынша биыл 80 мың гектардан астам алқапқа жүгері егіледі.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы