379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтарға несие жоғары пайыздық мөлшерлемемен беріліп жатыр - Ұлттық банк

  • 401
  • UPD: 13:52, 26.03.2019
Қазақстандықтарға несие жоғары пайыздық мөлшерлемемен беріліп жатыр - Ұлттық банк Маркетденег.ру

Ұлттық банк өкілдері қазақстандықтарға несиелердің жоғары тарифтер бойынша беріліп жатқанын айтады.

Банктегілер несиелік ұйымдардың несие бюроларына мәлімет бермейтіндіктен, Ұлттық банктің нарықта не болып жатқанын байқай алмай отырғанын айтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Расында да тұтынушылық мақсатта алынатын несиелердің қазақстандық азаматтарға және шағын бизнес субъектілеріне келтіріп жатқан қауіп-қатерлерін бақылап отырмыз. Оған несиелердің жоғары пайыздық мөлшерлемелермен берілуі себеп болып отыр. Халықаралық тәжірибеге зерттеу жүргізіп жатырмыз. Банктік емес несиелік ұйымдардың қызметін реттеу үшін белгілі бір ұсыныстарды енгізуді жоспарлап отырмыз. Ұсыныстарды дайындап, үкіметтегілермен талқылаймыз. Сондай-ақ, ол мәселені нарық қатысушыларымен де талқылаймыз», - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Жанат Құрманов үкіметтегі баспасөз мәслихатында.

Хабар 24 телеарнасы