376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандағы егін алқаптарының 93% жауын-шашын мөлшеріне тәуелді

  • 182
  • UPD: 18:12, 28.03.2019

Ауа райы біздің мемлекетке ұқсас дамыған елдерде астықтың өнімділігі екі жарым есе жоғары. Өйткені оларда жаңа технология қолданылады. Ал Қазақстандағы егін алқаптарының 93 проценті жауын-шашын мөлшеріне тәуелді. Көп тұқымдардың тамыр ауруы да жиі кездеседі. Салдарынан егін сапасы көңіл көншітпейді. Сәкен Сейфуллин атындағы Агротехникалық университеттің басқарма төрағасы Ақылбек Күрішбаев осылай дейді.

Мәселені шешу үшін үш жыл бұрын университет қабырғасында калифорниялық университетпен бірлескен орталық ашылған. Онда фермерлерге шаруашылықта дәл егіншілік жүйесін қолдануды үйретеді. Бүгінде 800-ден астам фермер осы шаруашылық базасында оқып шыққан. Аймақтардағы 160-тай ауыл әкімі де дайындықтан өткен. Қазірдің өзінде Қостанай, Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 9 шаруашылық жаңа жүйемен егін өсіруде. Нәтижесі де жаман емес. Былтыр Қарағанды облысы Осакаров ауданында 1 гектардан 50 центнер өнім алынған. «Бұл – өңірдің тарихында болмаған көрсеткіш», – дейді мамандар.

Ақылбек Күрішбаев, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ басқарма төрағасы:

– Біздегі жаңа сорттар, тұқымдар ауру. Өйткені тиісті шара қолданылмайды. Содан кейін фузариоз және тағы басқа аурулар болады. Соның арқасында Қазақстанның астық өнімділігі ең аз дегенде 30% азайып тұр. Ал ауру тарайтын экстремалды жылдарда 70% дейін азайып кетеді. Міне, осыдан бастап мәселенің бәрі туындайды.

Хабар 24 телеарнасы