376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ өкілдері араб инвесторлармен кездесті

  • 164
  • UPD: 21:30, 28.03.2019
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ өкілдері араб инвесторлармен кездесті

«Самұрық-Қазына»  Ұлттық әл-ауқат қорының өкілдері Біріккен Араб Әмірліктерінде инвесторлармен кездесті.

Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады. Жиын барысында шетелдік компания өкілдеріне ұйымның жекешелендіру бағдарламасы таныстырылды. Оны жүзеге асыру аясында Қор 3 ірі компанияның акцияларын бастапқы орналастыру және 2 компанияны стратегиялық сату бойынша жұмыс жүргізуде. 2019 жылы жетекші байланыс операторы «Қазақтелеком» мен ұлттық әуе тасымалдаушысы «Эйр Астана», ал 2020 жылы «ҚазМұнайГаз» құнды қағаздарын нарыққа айналымға шығады. Кездесудің  мақсаты Біріккен Араб Әмірліктері мен Таяу Шығыс елдері компаниялары арасында өзара ынтымақтастықты кеңейту. Өз кезегінде Дубай Инвестиция Корпорациясының Басқарма Төрағасы Аль-Шайбани, араб инвесторларының біздің жобаларға қатысуға қызығушылығы барын атап өтті.

Ахметжан Есімов, «самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы:

- Қордың стратегиясы бойынша ірі Ұлттық компанияларымызды ІРО-ға шығару туралы шешім қабылданды. Қараша айында біз бірінші «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының акцияларын нарыққа шығарып байқадық және нәтижесі жақсы. Соңғы бес айда акциялардың құны 25% өсті. Келесі жылы «ҚазМұнайГаз» компаниясын ІРО-ға шығаруды жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы