379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: Шағын бизнесіміз сыртқы нарықтарға шығуы керек

  • 137
  • UPD: 15:13, 29.03.2019
Сарапшы: Шағын бизнесіміз сыртқы нарықтарға шығуы керек

Казақстандық Асэль Киришева отандық бизнеске халықаралық байланыстарды орнатуға көмектесіп жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Консалтинг компаниясын басқарып жүрген ол «кәсіпкерлеріміз Батыс стандарттарына сәйкес бизнес жүргізу ережелерін жетік білмейді», – дейді. Айтуынша, сыртқы нарықтарға шығу үшін шет тілді жақсы білу қажет емес. Сөзден гөрі нақты істер маңызды. Сарапшының пікірінше, халықаралық деңгейде ауыл шарушалығы және асыл металдарды шығару мен өңдеу ісінің болашағы зор. Қазақстан экономикасының тап осы салаларында Батыс стандарттарынаа сай толыққанды өндіріс ашуға болады. 

Асэль Киришева, халықаралық консалтинг компаниясының басқарушысы:

- Ең алдымен, Батыста бизнестің қалай жүргізілетінін көрсету керек. Арадағы айырмашылықты айшықтай отырып, соған үйрететін бағдарламаларды енгізу керек деп ойлаймын. Екіншіден, кәсіпкерлеріміз үшін бизнес-платформа құру қажет. Сол алаңда олар сыртта кәсіпті қалай жүргізу керек екенін талқылап, шетелдік бизнесті Қазақстанға тарту жолдарымен бөлісе алар еді.

Хабар 24 телеарнасы