377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында құс етін өндіретін фабрика салынады

  • 107
  • UPD: 20:13, 29.03.2019

Жамбыл облысында жылына 20 мың тонна құс етін өндіретін фабрика салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құны 12 миллиард теңгеге жуықтайтын ірі жобаның құрылысы биыл сәуір айында басталмақ. Инвестициялық жоба ішкі нарықты сапалы құс етімен қамтып, отандық өнімді экспортқа шығаруға мүмкіндік береді. Қазір Қырғызстан, Қытай, Әзербайжан, Тәжікстан елдерінен тауық етіне сұраныс бар. Бройлер тауықтарын өсіретін алаң Байзақ ауданында орналасады. Ол үшін ескі жұмыртқа өндіретін фабриканың базасы қайта жаңғыртылмақ. Ал сою алаңын Тараз қаласынан салу жоспарда. Алғашқы кезеңін биыл желтоқсан айында іске қосу көзделіп отыр. Толық жүзеге асса, 680 жаңа жұмыс орыны ашылады.

Нұрдос Тойбаев, Байзақ ауданы әкімінің орынбасары:

– Бірінші тоқсанда құжаттары заңдастырылып бітті. Бүгінгі таңда ешқандай жұмыс басталған жоқ. Бірақ 2018 жылдың аяғында сою цехының жабдығы алынды. Құс өсіру циклі осы жылдың желтоқсан айында басталады. Және ет өндіру 2020 жылдың қаңтар айында басталады.

Хабар 24 телеарнасы