379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Қырғызстанның кеден бекеттерінде алыс-беріс барысы жеңілдейді

  • 128
  • UPD: 23:11, 30.03.2019
Қазақстан мен Қырғызстанның кеден бекеттерінде алыс-беріс барысы жеңілдейді

Импортталатын тауарлар бойынша ақпарат алмасу мен декларация толтыру кезіндегі кемшіліктерді анықтау шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздегі Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері мен көрші ел мамандарының кездесуінде осындай мәміле жасалды. Жауапты ведомство жетекшілері Бішкекте бас қосып, тиісті келіссөз жүргізді. Қырғызстан тарапы шекарадан өз тауарларының кедергісіз өтуіне мүмкіндік беруді сұрады. Сондай-ақ кедендік әкімшілендіру мен статистикалық мәліметтерді жүргізу ісін одан әрі жетілдіруге уағдаласты.

Хабар 24 телеарнасы