379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы «Borealis» компаниясы басқармасының төрағасын қабылдады

  • 154
  • UPD: 14:51, 01.04.2019
Мемлекет басшысы «Borealis» компаниясы басқармасының төрағасын қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Borealis» компаниясы басқармасының төрағасы Альфред Штернді қабылдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы «Borealis» компаниясымен ынтымақтастық жасаудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанда ірі жобаларды жүзеге асырудың мәні зор екенін айтты.

«Мен өзара ықпалдастығымызға қатысты күн тәртібіндегі өзекті мәселе жөнінде, әсіресе, алдағы уақытта жүзеге асырылатын Атырау облысындағы газ және химия кешенінің құрылысы туралы Сізбен пікір алмасқым келеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне «Borealis» компаниясының еліміздегі негізгі жобалары мен олардың жүзеге асырылу перспективалары жөнінде баяндалды.

А.Штерн өзара ықпалдастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, Қазақстанда жұмыс істеуге мүмкіндік беріп, қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.

Хабар 24 телеарнасы