376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында 12 кәсіпорын ашылады

  • 152
  • UPD: 10:41, 02.04.2019
«Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында 12 кәсіпорын ашылады

«Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында жақында 12 кәсіпорын ашылады. Қазір онда «құрғақ порт» жұмыс істеп тұр.

Комбикорм зауыты пайдалануға берілді. Жақында екіншісі іске қосылады. Бұл кәсіпорындар Панфилов ауданының шаруаларынан жүгері қабылдап, өңделген өнімді экспортқа жөнелтетін болады. Ардақ Айбарұлы әңгімелейді.

«Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағынан салынған комбикорм зауытында жылына 60 мың тонна дәнді-дақыл өңделеді. Оның құрылысы өткен жылы басталды. Кәсіпорын 100 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.

Игорь Габидуллин, компанияның ресми өкілі:

- Мұнда жартылай рационды комбикормның барлық түрі шығады. Өндірілген өнімнің 40 пайызы экспортқа бағытталады. Сол арқылы Қазақстан мен Қытай Халық Республикасымен арадағы сауда айналымы арта түседі.

Арнайы экономикалық аймақта ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын екі комбикорм зауыты жұмыс істейді. Бұдан өзге де кәсіпорындар көптеп салынып жатыр.

Асқар Ешенханов, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА Бас директорының орынбасары:

- Қазір 12 кәсіпорынның құрылысы қызу жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеп, консервіленген тағам түрлерін және бетон шығаратын зауыттар салынды. Технопарк құрылысы да қолға алынды.

Алдағы уақытта мұнда бірқатар жеңіл өнеркәсіп нысандары салынып, жұмыс істей бастайды. Олар негізінен киім-кешек пен аяқ киім шығарады.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы