389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі жоғарылады

  • 503
  • UPD: 15:50, 02.04.2019
Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі жоғарылады ptzgovorit.ru

Елімізде 2019 жылғы наурызда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 27 405 теңгені құрады.

Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің сайтында жариялады.

«Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы наурызда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,6%-ға жоғарылады.

Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 20,3%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 16,2%, жемістер мен көкөністерді – 8,7%, нан және жарма өнімдерін – 7,6%, қант, шай және дәмдеуіштерді 2,2%-ды құрады», - делінген баспасөз мәтінінде.

Хабар 24 телеарнасы