389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында 2025 жылға дейін 200-ден астам туристік нысан салынады

  • 588
  • UPD: 07:54, 03.04.2019
Алматы облысында 2025 жылға дейін 200-ден астам туристік нысан салынады

Қазақстанға туристерді тартуға арналған республикалық картаға Алматы облысындағы Алакөл жағалауы мен Іле Алатауы, Хан Тәңірі, Шарын шатқалы, Қаскелең локациясы мен Көлсай көлдері кластері енді.

2025 жылға дейін онда 200-ден астам туристік нысан салынып, 22 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Саяхатшылар саны 4 миллионға жетеді деген жоспар бар. Ол үшін жолдар салынып, инженерлік желілер тартылады. Өткен жылы Шарын шатқалына апаратын 11 шақырымдық жол жөнделді. Биыл Алакөлдің жолы күрделі жөндеуден өтеді.

Жанар Алшымбаева, Алматы облыстық туризм басқармасының басшысы:

– Жалпы тау кластерына тартылатын инвестициянының көлемі 1 млрд АҚШ долларын құрайды деп жоспарланып отыр. Оның 30 пайызы мемлекеттік бюджеттен іске асады және 70 пайызы инвесторлардың тарапынан болады.

Хабар 24 телеарнасы