389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық кондитерлер қолдауға мұқтаж

  • 340
  • UPD: 10:40, 03.04.2019

Қазақстандық кондитерлер шетелдік компаниялармен тең дәрежеде жұмыс істей алмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бәсекелестік бірдей емес. Бұл туралы Қазақстан кондитерлері қауымдастығының президенті мәлімдеді. Алихан Талғатбектің айтуынша, экспортқа шығарылатын өнімдерге қатаң талап қойылмайды. Кеденде кондитерлік өнімдердің сапасы тексерілмейді. Тек өнімге берілген сертификаттың бар-жоғы ескеріледі. Осыған орай, қауымдастық өздері зерттеу жүргізген. Нәтижесінде ресейлік және украиналық тәттілердің кейбір түрлерінде трансмайлар мөлшері шамадан тыс тіркелген. Олар қалыпты 2% нормадан 4-5 есе асып түскен. Жалпы Қазақстанға 170 мың тонна кондитерлік өнім шетелден әкелінеді. Бұл – елдегі сұраныстың жартысы. Бұл ретте өзіміздің кондитерлік зауыттардың жүктемесі шектеулі. Олар толық қуатта жұмыс істемейді. Дегенмен саланың әлеуеті жоғары. Қазақстан экспортқа 400 мың тоннаға дейін өнім шығара алады. Былтыр шетелге 55 мың тонна өнім жіберілген. Бірақ өзімізде керекті шикізат нарығының жоқтығы, салық жеңілдіктерінің болмауы мен сауда желілерінің монополиясы жағдайды қиындатады. Саланың дамуына тежеу болатын да осы дейді мамандар.

Жыл басынан бері елордада 1 мың 194 иесіз жүрген ит-мысық ауланған. Бұл қалалық iKomek орталығына түскен өтініштерге сәйкес жүзеге асырылған. Осы бағытта тағы қандай жұмыс атқарылады. Шетелдіктер қаңғыбас иттермен қалай күреседі?

Елордада көше кезген жануарларды аулап жүргенде, Люксембург пен Жаңа Зеландияда «жануарлар барлығын сезеді және өзіндік санасы бар топқа жатады» деген тұжырымға негізделіп, оларды заңдық тұрғыдан қорғауға алған.

Заң бойынша үй жануарларынан бас тартуға, оны сатуға немесе өзгеге сыйлауға шектеу қойылған. Люксембургте ол үшін 227 мың доллар айыппұл салынады немесе 8 күннен 3 жыл мерзімге дейін қамауға алынады. Австрияда үй жануары туралы заңды бұзғандарға 2 мың доллардан 15 мың долларға дейін айыппұл салынады. Германияда бұл сомма – 25 мың еуро. Ал Италияда – 10 мың еуро. Қараусыз қалған жануарлармен күресте шетелдіктер осындай қатаң шаралар қолданады.

Елордада 1194 қараусыз қалған жануар ауланды

Қала әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, ауланған 1000 астам ит пен мысық уақытша паналарда күтіледі. Қазіргі уақытта онда 554 ит пен 30 мысық бар. Бұдан басқа, иесіз жүрген жануарлардың санын азайту үшін жыл аяғына дейін 1 800 төртаяқтыны зарарсыздандыру жоспарланған.

Испания Чернобльде күн электр станциясы құрылысын қаржыландырады

Испания Чернобль аумағында күн электр станциясын салуға бюджеттен 1 млн еуро бөледі. Киот хаттамасына сәйкес, Испания парниктік газдардың бөлінуін азайтуға бағытталған жобаларды қолдауға міндетті. Бұл туралы елдің экология министрі Анхель Санчес мәлімдеді. Қазір күн электр станциясының жобасы әзірленуде. Құрылыстың қашан басталатыны белгісіз. 2001 жылы Киото хаттамасын ратификациялау жөніндегі келіссөздер барысында дамыған елдер үшінші елдердегі қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жобаларға қатысуға өз міндеттемелерін алды. ЕО, сондай-ақ Норвегия, Исландия, Канада, Жаңа Зеландия және Швейцария климаттық өзгерістерге қарсы күреске бағытталған жобаларды қаржыландыруға 2005 жылдан бастап жылына $410 млн бөлуге міндеттенді.

Енді валюта бағамын айта кетейін. Қазақстан қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының бүгінгі бағамы 379 теңге 66 тиынды құрады. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 380-381 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы