376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында шетелге тауар шығаратын кәсіпкерлерге қолдау күшеймек

  • 164
Түркістан облысында шетелге тауар шығаратын кәсіпкерлерге қолдау күшеймек

Түркістан облысында экспорт потенциалы дамып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік өкілдері шетелге тауар шығаратын кәсіпкерлерді қолдау мақсатында оларға жағдай жасауды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда негізгі экспорт – минерал өнімдері. Және өткен жылы оны сыртқа шығару көлемі 200 млн долларды құраған. Сондай-ақ ет өнімдері де 52 млн доллар кіріс әкелген. Жалпы Түркістан облысында экспорт көлемі 344 млн долларға жеткен. Басты импорттаушы елдер – Ресей мен Өзбекстан.

Хали Сатыбалдыұлы, кәсіпкер:

– Менің көтерген сұрақтарым бұл – экспортқа шығып жатқан шикізаттарды азайту. Өзімізде өңдеуді қолға алу керек деп есептеймін. Бұрыннан көтеріп жүрген тақырыбым – Мақсары мәселесі. Оның дәнін біз Қытай, Өзбекстан, Иранға жіберіп жатырмыз. Егер май күйінде жіберсе. жақсы болар еді.

Хабар 24 телеарнасы