379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Назарбаев Ұлттық банк төрағасымен кездесу өткізді

  • 160
  • UPD: 20:39, 04.04.2019

Қазақстан Республикасың Тұңғыш Президенті – Елбасы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің валюта-қаржы нарығындағы қазіргі ахуал жөнінде мәлімет берілді. Одан бөлек, қаржы секторы мен инфляция деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысты қабылданған шаралар баяндалды.

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

– Қаржы-несие саясатын енгізу жағдайында барлығы тұрақты. Үш айдың ішінде инфляция 4,8 пайыз, өткен жылдың соңына қарағанда жарты пайызға төмендеу болды. Осы жылға мақсатымыз – осы дәлізде қалу, 4-6 пайыз ішінде. Базалық мөлшерлеме наурыз айында 9,25 пайызды құрады. Ендігі біздің отырысымыз 15 сәуірде болады. Курс жағынан теңгенің бағасы 380-ге жақын. Жыл басынан бері теңгенің бағасы 1 пайызға дейін көтерілді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

– В настоящее время наблюдается позитивная динамика цен на нефть. Экономическая ситуация в стране и курс тенге – стабильные. Недавно Национальный банк и Правительство сделали совместное заявление для населения. Считаю, что это было правильно с вашей стороны.

Хабар 24 телеарнасы