388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат үш жылға арналған бюджет туралы заңды мақұлдамады

  • 379
  • UPD: 20:44, 04.04.2019

Үш жылға арналған бюджет туралы заң жобасы Сенат депутаттарының көңілінен шықпады.

Жоғарғы палата отырысында ұсынылған құжатқа бірден 33 түзету енгізіліп, Мәжіліске кері қайтарылды. Депутаттар Үкіметтің жұмысына да шүйлікті. Олар мемлекеттік бағдарламалар жүйесіз әзірленіп, тиімсіз жүзеге асады деп қапалы. Сенаторлар бюджетті сапасыз жоспарлап, қазына қаражатын жөнсіз жұмсағандарға қатысты жазаны қатаңдату керек деп есептейді. Сондықтан жауапты тұлғаларға тәртіптік емес, әкімшілік жаза қолдануды ұсынып отыр.  

Еділ Мамытбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Бюджетті жоспарлау кезінде бірінші кезекте мұнай бағасы, әлемдік қаржы нарығындағы жағдай негізге алынады. Бұл өз қаржы нарығымызды қоспағанда. Дәл осындай тәжірибе соңғы 20 жылдан бері қолданылып келеді. Осы жерде заңды сұрақ туындайды. Неге ел Үкіметі мен Ұлттық экономика министрлігі бюджетті жоспарлауда негізгі фактор ретінде еңбек өнімділігі, мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылуы сияқты басқа да көрсеткіштерге қарамайды?

Дәурен Әділбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Бұл мәселелер өңірлермен жасалатын жұмыстың жүйесіз екендігін көрсетіп отыр. Осыған қатысты Үкіметтің нақты тұжырымдамасы керек. Өңірлерді дамыту мен оған талдау жүргізіліп отырылуы тиіс. Біз аумақтық дамыту бағдарламасын қабылағанбыз. Егер өңірлерді дамыту бағдарламасы дәл осыған ұқсас болса, біз ұзаққа бармаймыз.

Хабар 24 телеарнасы