377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Катар отандық тау кен өнеркәсібіне $50 млн инвестиция салуы мүмкін

  • 125
  • UPD: 19:12, 04.04.2019
Катар отандық тау кен өнеркәсібіне $50 млн инвестиция салуы мүмкін

Катар елі отандық тау кен өнеркәсібіне, оның ішінде мыс өндіру саласына 50 млн доллар инвестиция салуы мүмкін.

Бұл туралы елордада өткен «Майнекс Қазақстан» оныншы форумында белгілі болды. Тау-кен геологиялық жиынына қатысқан 20-дан астам компания мен 300-ге жуық делегат саладағы кәсіпорындардың өзара байланысы мен ортақ мәселелер туралы пікір алмасты. Айта кетейік, екі күнге жалғасқан келелі жиында жер қойнауын тиімді игеру жолдары сөз болды. Сосын сапалы бұрғылау, жасанды жерасты дүмпуін қауіпсіз ұйымдастыру, барлаудағы дәлдікті арттыру үшін цифрлық технологияларды қолдану амалдары көпшілік назарына ұсынылды. Еске салайық, инвестициялық тартымдылық бойынша Қазақстан өткен жылы 49-орында болса, биыл 24-сатыға жоғарылады. Яғни 50 проценттік өсім байқалады. 

Пьер Гоше, канадалық тау кен компаниясының өкілі:

– Қазақстанға келудегі басты мақсатымыз – жергілікті геология саласына қажет заманауи озық технологияларды ұсыну. Бірінші кезекте бұл электромагнитті барлау құрылғылары. Біз үшін Қазақстан - жаңа нарық. Сондықтан елдің инвестициялық тартымдылығы бар. Өйткені Қазақстан пайдалы қазбаға бай мемлекет болғандықтан, жер қойнауын ел игілігі үшін игеру керек.

Хабар 24 телеарнасы