377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында «Қарапайым заттар экономикасы» жобалық кеңсесі ашылды

  • 75
  • UPD: 15:14, 05.04.2019
Алматы облысында «Қарапайым заттар экономикасы» жобалық кеңсесі ашылды

Ол кәсіпкерлерді жеңілдетілген несие бағдарламасына тартумен, оған мониторинг жасаумен және бизнес-жобаларды әзірлеу, қаржыландыру мәселелерімен айналысады.

Жобалық кеңсе құрамында кәсіпкерлер Палатасы мен «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының, сонымен қатар екінші деңгейлі банктер мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері де бар. Ірі кәсіпорындармен қоса орта және шағын бизнес нысандары да қаржыландырылады. Бірақ ұсынылатын жобалар міндетті түрде өнім өңдеу, жеңіл өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешенге қатысты болуы тиіс. Қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүргізіледі. Бұл мақсатқа 600 миллиард теңге бөлінбекші. Несие 8 пайыздық үстеме ақымен 9 жылға беріледі. 

Әсет Шаяхметов, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

- Біз 65 компанияның қаржылық айналымы жеткіліксіздігіне байланысты несиеге иек артқысы келетінін анықтадық. Олармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп жатырмыз. Қазірдің өзінде 3 компанияның құжаттары екінші деңгейлі банктерге жөнелтілді. 12 кәсіпорын бизнес-жоба әзірлеп, қажетті құжаттарын жинауға кірісіп кетті. Болашақта олардың саны еселеп арта түседі деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы