379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстанның премьер-министрі шекарадағы жағдайға байланысты пікір білдірді

  • 86
  • UPD: 23:44, 05.04.2019

Бүгін Қырғызстанның премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиев те Қазақстанмен шекарадағы ахуал жақын арада түзелетініне уәде берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көрші елдің үкімет басшысы қазақстандық әріптесі Асқар Маминмен үш мәрте келіссөз жүргізгенін мәлімдеді. Айтуынша, бірер күн бұрын екі елдің кеден қызметі басшылығының қатысуымен арнайы кездесу өтіп, тараптар бір тоқтамға келген. Қазір Жамбыл облысының «Ақ жол» және Шу облысының «Ақ-Тілек» автоөткелдерінде 250-ге жуық жүк көлігі тұр. Олар кеденнен өту үшін кезектерін бірнеше күн бойы күтуге мәжбүр. 

Андрей Беспалов, көлік жүргізуші:

- 26 наурыздан бері тұрмыз. Осы мезгілде Самараға жүгімізді жеткізіп, Оралда болуымыз керек еді. Сәуірдің екісінде жаңа жүк тиеуге тиіс едім. Бәрінен қалдым.

Хабар 24 телеарнасы