379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстанда қазақстандық тауарларға сұраныс жоғары

  • 94
  • UPD: 23:43, 05.04.2019

Ташкентте UzFood-2019 халықаралық тамақ өнеркәсібі көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда әлемнің 25 мемлекетінен 200-ден астам кәсіпорын келіп, өз тауары ұсынған. Тізімде қазақстандық өнімдер де бар. Көрмеге Ресей, Түркия, Қытай мен Беларусьте жасалған соңғы үлгідегі әртүрлі тағам дайындайтын қондырғылар қойылған. Сүт және сүт өнімдері мен шұжық қаптайтын құралдар, тәтті тоқаш пісіретін пештер, күнбағыс майын сығатын станоққа дейін бар. Жалпы, Өзбекстан нарығында қазақстандық тауарларға сұраныс жоғары. «Көршілерді әсіресе біздің бидай мен ұн өнімдері, соның ішінде кеспе мен жайма қызықтырады», – дейді отандық өндірушілер.

Ольга Медведчук, макарон өнімдерін шығаратын қазақстандық кәсіпорынның өкілі:

- Көрмені тамашалап келгендер мен сауда саласының өкілдері біздің өнімге қатты қызықты. Кейбір өнімдерге қатысты туындаған сұрақтарына барынша жауап беріп, бүге-шүгесіне дейін түсіндіріп жатырымыз. Олар, әсіресе, біздің ет асуға керек өнімдеріміз бен жаймамызды жақсы біледі. Бұл біз үшін өте маңызды. Өткені бұл – қазақ халқының ұлттық тағамы. Енді осыларды Өзбекстан нарығына шығаруды жоспарлап отырмыз.

Гузаль Артыкова, ұйымдастырушы компания өкілі:

- Азық-түлік тауарларын жеткізуші компания өкілдері Өзбекстанның ірі сауда өкілдерімен жүзбе-жүз кездесіп, тікелей келісім жүргізіп жатыр. Былтыр бұндай кездесулер нәтижелі болды. Қазірдің өзінде бірнеше тасымалдаушы компания біздің нарықта өз орындарын тапты. Ал биыл қатысушылар санын көбейтіп, ірі сауда орталықтарының өкілдерін де қалдырмай шақырдық.

Хабар 24 телеарнасы