389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміз Қытайдан алатын несие мәселесі Сенатта талқыланды

  • 587
  • UPD: 13:36, 08.04.2019

Еліміздегі кеден бекеттерін жаңарту үшін Қытайдан алынатын несие мәселесі Сенатта талқыланды.

Көрші мемлекеттің экспорттық-импорттық банкі біздің үкіметке 150 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген несие беруге дайын. Қарызға қаржы алынған соң Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдермен шектесетін біздегі кеден бекеттерінің техникалық-материалдық базасы жаңғыртылмақ. Заманауи қондырғылар орнатылады. Атап айтсақ, транспортты сканерлеу, көліктерді дезинфекциялау сынды аппараттар қойылады. Қаржы министрлігінің өкілдері мәлімдегендей, Қытайдан алынатын несие бюджетімізге кері әсерін тигізбейді. Қарыздың жылдық мөлшерлемесі 2 процент көлімінде болмақ.

Руслан Бекетаев, ҚР Қаржы вице-министрі:

- Бүгінгі таңда мемлекеттің берешегі 25-26 процент көлемінде. Несие ішкі жалпы өнімге де кері әсер етпейді. Қарыз есебінен орнатылатын қондырғылар сапалы болады. Жоқ дегенде 20 жыл бойы қолданылады. Бұл аппараттардың мүлтіксіз жұмыс істеуін Қытай тарапы қамтамасыз етеді.

Хабар 24 телеарнасы