376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Әзербайжанға бидай экспортының мөлшерін арттырды

  • 103
Қазақстан Әзербайжанға бидай экспортының мөлшерін арттырды

Қазақстанның Әзербайжанға бидай экспорты былтыр бірталай өскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осындай көрсеткішке икемді баға саясатының арқасында қол жеткіздік. 

2017 жылы өткен үкіметаралық комиссия мәжілісінде қазақстандық бидай экспортын арттыру міндеті қойылған болатын. 2016 мен 2017 жылдары бұл көрсеткіш күрт төмендеп кеткен еді. Қос тарап та осы жағдайды өзгертуге ынта білдіріп, өткен жылдың қорытындысы бойынша дәнді дақылдар саудасы елеулі өскен. 

Сеадет Гаджиева, Әзербайжан ауыл шаруашылық министрлігінің өкілі:

– 2017 жылы Әзербайжанға Қазақстаннан 63 мың тонна бидай жеткізілсе, 2018 жылы бұл көрсеткіш 270 мың тоннаны құраған. Бұған икемді баға саясатының арқасында қол жеткіздік. Нәтижесінде былтыр Әзербайжанға импортталған Қазақстан бидайының үлесі 5 проценттен 20-ға дейін артқан. 

Әзербайжан ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдерінің айтуынша, қазір қазақстандық өнімнің бағасы өзгелерге қарағанда тиімді болып отыр. Сол себептен жергілікті ұн тартушылар осындай таңдау жасап, былтыр қазақстандық бидайды 51 миллион долларға сатып алған.

Сеадет Гаджиева, Әзербайжан ауыл шаруашылық министрлігінің өкілі:

– Биылғы жылдың бірінші тоқсанында қазақстандық дақылдардың жалпы импорттағы үлесі 51 процент құрады. Үш айда импорт көлемі 206 мың тоннаға жеткен, ақшаға аударсақ бұл – 45 миллион доллар.

Ал жалпы жылдың алғашқы ширегінде бүкіл елдерден 406 мың тонна бидай жеткізілген. Ол негізінен нан-тоқаш бұйымдарын өндіруге қажет.

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Хабар 24 телеарнасы