389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлық диқандар 5,3 млн гектар жерге дән себуді жоспарлап отыр

  • 390
Қостанайлық диқандар 5,3 млн гектар жерге дән себуді жоспарлап отыр

Қостанай облысында егіс науқанына дайындық қарқын алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл өңір диқандары 5,3 миллион гектар жерге дән себуді жоспарлап отыр. Соның 4 миллион 700 мыңы бидайдың үлесінде. Шаруалар майлы дақылдар, көкөніс, мал азығы алқабын ұлғайтуға баса мән береді. Мысалы, рапс, күнбағыс, зығырдың көлемі былтырмен салыстырғанда, 46 мың гектарға артады. Көктемгі дала жұмыстарын өткізуге арзандатылған 71 мың тонна дизельді отын қарастырылған. Ал субсидия ретінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 36 миллиард теңге бөлінді.

Ілияс Ағайдаров, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

– Шаруалар тұқыммен толық көлемде қамтылды. Бұл тұрғыда еш мәселе жоқ. Қазіргі таңда облысқа 18,5 мың тонна минералды тыңайтқыш жеткізілді. Ал техника паркі 95 процентке дайын.

Хабар 24 телеарнасы