377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда 3 индустриалды аймақ дамытылады

  • 190
  • UPD: 11:26, 09.04.2019

Түркістан өңірінде 3 индустриалды аймақ дамытылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Ордабасы ауданы және Кентау мен Түркістан қалаларында орналасқан. Бұл туралы өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев жергілікті мәслихаттың кезекті сессиясында хабарлады.

Түркістан облысындағы 9 индустриалды аймақтың арасынан шина құрастыру, азық-түлік өндірісі мен жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясына белсенді серпін беретін 3 индустриалды аймақ таңдалынып, дамытылады. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атап айтқанда, олар Кентау, Түркістан қаласы мен Ордабасы ауданында болады. Мәселен, Кентаудағы 25 гектар аймақтың көлемі 300 гектарға дейін ұлғайтылады. Ендігі кезекте индустриалды аймақты арзан энергетикалық қормен қамтамасыз ету керек. Бұл үшін Кентау қаласындағы Жылу электр орталығы қайта құрылып, газбен қамту инфрақұрылымы жүргізіледі. Сонымен қатар облыс әкімі өңір экономикасының басты драйвері – ауыл шаруашылығы саласында ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

Бүгінде облыста ауыл шаруашылығына арналған 6 млн 7 мың гектар жер бар. Оның ішінде 5 млн 6 мың гектар – жайылымдық жер, 518 мың жер телімі және 425 мың гектар – суармалы жер. Саланың қарқынды дамуын қамтамасыз ету үшін қосымша 250 мың гектар учаскені суармалы жер қатарына қосу қажет. Себебі суармалы жерден түсетін кірістер 3-4 есе жоғары, дейді өңір басшысы.

«Көкжайлау» құрылысы кейінге қалдырылды

«Көкжайлау» курортының құрылысы кейінгі қалдырылды. Бұл туралы Алматы әкімі Бауыржан Байбек кеше Қоғамдық кеңес отырысында айтты. Ол жобаны қайта қарап толықтыру туралы ұсынды. Қала басшысының айтуынша, экономикамен қатар, экология және әлеумет мәселелері тепе-теңдігін сақтау қажет. Қалалық Туризм басқармасының жетекшісі Мақсат Қиқымов нысан құрылысын жеңілдету үшін шаңғы жолын басқа сілемге салуды ұсынды. Еске салайық, осының алдында Бауыржан Байбек «Көкжайлау» жобасы қоғамдық талқылаудың үдесінен шықпаса, қайта қарауға жіберілетінін айтқан болатын.

Атырау облысындағы Қашаған теңіз кен орнында мұнай өндірісі 45 күнге тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. NCOC компаниясы жер үстіндегі «Болашақ» зауытында және жасанды D аралында жабдықтардың күрделі жөндеуіне кіріседі. Дайындық шаралары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарының жоспарлы ұзақтығы – 45 күн. Оған NCOC-тың және серіктес-мердігерлердің 5 мыңға жуық қызметкері жұмылдырылады. Еске салайық, Қазақстандағы ең ірі кен орын – Қашағанда өткен жылы мұнай өндірісі 1,6 есе ұлғайды. Энергетика министрлігінің ақпаратына сәйкес, өндіріс көлемі жоспарланған 11 млн тоннадан 13 млн 220 мың тоннаға артты.

Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының бүгінгі бағамы 380 теңге 55 тиынды құрады. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 382-383 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы