389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендегі конденсатор зауыты өнімдерінің 70% ТМД елдеріне экспорттайды

  • 798
Өскемендегі конденсатор зауыты өнімдерінің 70% ТМД елдеріне экспорттайды

Елімізде қабылданған индустриялық жобалар экономиканың әртараптануына серпін берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның бірі – Өскемендегі конденсатор зауыты. Кәсіпорын соңғы бірнеше жылда энергия үнемдеп және тұтынушыға жеткенге дейінгі желідегі шығынды да есептейтін құрылғымен жабдықтауды қолға алған.

Құрылғанына 50 жылдан асса да, бұл кәсіпорын электр жабдықтарын шығаруда ең соңғы технологияны енгізген. Дәл мұндай зауыттың әлемде оннан астамы ғана бар. Өскемен конденсатор зауыты шағын құрылғылардан бастап, өндірістік деңгейдегі және ең жоғары кернеудегі электр жабдықтарды шығарады. Өндіріс бүгінде толықтай соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған. Ол үшін соңғы 3 жылда кәсіпорынға мемлекет 106 миллион теңгенің қайтарымсыз грантын бөлген. Нәтижесінде конденсаторлардың ішкі бөлігі жиналатын цехқа ең соңғы үлгідегі қондырғылар қойылды.

Виктор Степанов, цех операторы:

– Қазір мен кондесатордың ең негізгі электр жиналатын ораманы сынақтан өткізетін қондырғының жұмысын бақылап тұрмын. Егер қандай да бір қателік болса, ол келесі кезеңге өткізбей, қайтарып тастайды. Автоматты түрде реттеп отырады. 

Зауыт өндірген электржабдықтардың 70 проценті ТМД елдеріне экспортталады. 

Негізгі тұтынушылар – Ресей мен Тәжікстанның энергетикалық холдингтері. Биылдан бастап кәсіпорын электр соңғы тұтынушыға жеткенге дейінгі аралықтағы қуат көзін есептейтін және желідегі ақауды анықтайтын трансформаторлар шығаруды бастады.

Павел Попов, зауыттың техникалық директоры:

– Қазір ең негізі мәселе – энергя көзін үнемдеу. Оған қоса индустриялындыру заманы болғандықтан, энрегияны да жоғары деңгейде өндіруіміз керек. Сол үшін қуатты трансформаторлар шығаруды қолға алдық.

Өндірісті жаңғыртудың арқасында тек 2018 жылы 4 миллиард теңгенің өнімін шығарған. Ал аймақта соңғы 10 жылда индустриялық бағдарлама бойынша 707 миллиардтан астам теңгенің 47 жобасы іске асты.

Мейір Маратов, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық басқармасының бөлім басшысы:

– 2018 жылы аймақта жалпы құны 135 миллиард теңге болатын 6 жоба іске асты. Нәтижесінде 1276 жұмыс орны ашылды. Бұл жобалар негізінен машина жасау және тау-кен саласында қолға алынған. Ал биыл тағы 5 жоба іске асырылмақ.

Жалпы облыста 200-2022 жылдар аралығында 551 миллиард теңге болатын 19 жоба жасалды. Егер ол түгел жүзеге асса, 6 мың адамға жаңадан жұмыс орны ашылады.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы