384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда Қазақстан тауарларын таныстыру орталығы жұмыс істеп тұр

  • 982
  • UPD: 23:31, 09.04.2019

Қытайдың Сиань қаласында экспортты жандандыру орталығы жұмыс істеп тұр. Бұл туралы біздің тілшімізге сұхбат берген Шэньси провинциясының еліміздегі өкілі Хэ Чэн мәлімдеді.

Оның айтуынша, шоурум орталығы «Ұлы Жібек Жолы» басталған Сиань қаласындағы құрғақ айлақта орналасқан. Мұнда қазақстандық және қытайлық іскер топ өкілдерінің басын қосып, келіссөздер өткізуге болады. Сонымен қатар ТМД елдерінің, әсіресе экологиялық таза қазақстандық өнімдерді жаңа нарыққа шығару үшін жан-жақты жұмыс істейміз дейді. Қытай кеден қызметінің мәліметі бойынша екі ел арасындағы сауда-саттық былтыр 30 процентке артқан. Бұл көрсеткіш ай сайын өсіп келеді. Өйткені құнарлы қазақстандық өнімге деген сұраныс бар. Шэньси провинциясының еліміздегі өкілі қазіргі уақытта ұн, май, тазартылған сұйық майды сатып алуға байланысты келіссөздер жүріп жатқанын айтады. Сондай-ақ қазақстандық балмұздақ, ет, балық, қой және сиыр еттеріне де қызығушылық танытып отыр екен.

Хэ Чэн, Шэньси провинциясының қазақстандағы бас өкілі:

- Қазақстан алғаш рет бізге танымал болып кеткен ара балын экспорттады. Желтоқсанда екі тоннасын алып тексеріп көрдік. Оны сатудағы тәжірибеміз артқаннан кейін импортты жүзеге асыра бастадық. Таяуда балдың үшінші легін сатып алдық. Сонда 20 тоннаға жуығын Қытайға кіргіздік.

Хабар 24 телеарнасы