379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде өсімдік майы зауыты іске қосылады

  • 114
  • UPD: 14:31, 10.04.2019
Ақтөбеде өсімдік майы зауыты іске қосылады

Ақтөбе облысында кезекті ірі кәсіпорын іске қосылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Хромтау ауданында орналасқан өсімдік майы зауыты тәулігіне 150 тонна дайын өнім шығаруға қауқарлы. Құрылыс жұмыстары енді ғана аяқталған жаңа мекемеде жабдықтарды ретке келтіріп, баптау кезеңі өтуде. Сондықтан әзірге шикізатты өңдеудің алғашқы сатысы жүргізіледі. Жобаның жалпы құны шамамен 2 миллард теңге. Оның 790 миллионын мемлекеттік бағдарлама аясында 8%-тік үстемемен 10 жылға несие ретінде рәсімдеген. Жылына 40-45 мың тонна шикізат өңдейтін өндіріс үшін тапшылық болмауы тиіс. Себебі биыл Ақтөбе облысының өзінде 65 мың тонна күнбағыс егіледі деп жоспарланған.

Қазбек Өтесінов, зауыттың атқарушы директоры:

- Қыркүйек айында толық қосылуға жоспарымыз бар. Сол кезде 120 адамдай жұмыс істейді. Өнімнің 15% ішкі нарыққа сатылады. Қалған 85% экспортқа сатуға жоспарымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы