379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халықаралық валюта қоры әлем экономикасына болжам жасады

  • 79
Халықаралық валюта қоры әлем экономикасына болжам жасады

Әлем экономикасында қазір тұрақсыздық басым.

Оның тұрақты дамуына сауда соғысы, Брексит және мемлкеттік қарыздар сынды мәселелер кері әсер етуде. Халықаралық валюта қорының басшысы Кристин Лагард осылай деп мәлімдеді. Сондықтан биыл әлем экономикасының 70 пайызын құрап отырған мемлекеттердің дамуы бәсеңдеп, дүние жүзі экономикасының өсімі 3,3 пайызды ғана құрайды деген болжам бар. Ал келер жылы оның деңгейі 3,6 процентке ғана өседі. «Бірақ бұл өсім әлсіз және дүниежүзі экономикасына төнген сын-қатерлер көп», - дейді ұйым жетекшісі. Айта кетейік, осы аптада Вашингтон қаласында әлем елдерінің қаржы және орталық банк басшыларының кездесуі өтеді. 

Хабар 24 телеарнасы