389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


CҚО-ға шетелден жалпы саны 4 мыңнан астам ірі қара сатып алынбақ

  • 296
CҚО-ға шетелден жалпы саны 4 мыңнан астам ірі қара сатып алынбақ

Солтүстікқазақстандық шаруалар мал басын асылдандырып, етті және сүтті сиырларды көбейтпек ниетте, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл соңына дейін шетелден жалпы саны төрт мыңнан астам ірі қара сатып алынбақ. Мемлекеттік қолдаудың арқасында жергілікті кәсіпкерлердің бірі – Біржан Шәймерденов Австрия елінен 491 бас симменталл сиырын әкелді. Өйткені бұл малдар солтүстіктің табиғатына тез бейімделеді. Бір ай уақыт бойы Зеңгі баба төлдері карантинде болып, тексеруден өтеді. Жалпы асыл тұқымды малды сатып алу үшін кәсіпкер 443 миллион теңге несие рәсімдеген. Жылдық үстемақысы – 4 процент. Енді оны екі жылдан кейін төлей бастайды. Айта кету қажет, кәсіпкер қазір мың басқа арналған заманауи мал кешенін тұрғызып жатыр.

Біржан Шәймерденов, кәсіпкер:

– Денсаулықтары жақсы. Ешқандай қиындық болған жоқ. Үлкен кешен салып жатырмыз 1000 басқа. 441 басқа база дайын тұр. Қалған 600 басқа дайындап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы